15
сентябрь
2017
Оқушылар жетістіктері
2015-2016 оқу жылында мектебімізде көптеген жетістіктер орын алуда. Аудандық пән олимпиадасына 8 оқушы қатысты. Соның ішінде 11 сынып оқушысы Шамбыл Шұға – ІІ орын (орыс тілі мен иәдебиеті), Жасұзақ Айым – ІІ орын (биология), 10 сынып оқушысы Ташкенбай Аружан – ІІ орын (ағылшын тілі), 10 сынып оқушысы Серік Жанар – ІІ орын (Қазақстан тарихы).
"Ақбота” интеллектуалдық марафонына 10 оқушы қатысып, 3 оқушы 3 оқушы І орынды иеленді. Олар: 3 сынып оқушылары Нұрлан Уалихан, 4 сынып оқушысы жазықбай Абзал, 5 сынып оқушысы Өрісбай Айбол, қалған 7 оқушы ІІ орынды иеленді.
"Русский медвежонок” халықаралық байқауына 15 оқушы қатысып, 8 оқушы І орынды иеленді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлия Баймұратова Ж.Жабаевтың 170 жылдығына орай ұйымдастырылған конференцияға "Жыр алыбы-Жамбыл” атты тақырыпта баяндама оқылып, баяндамасы жоғары бағаланды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз Баянбаева Бүбіш Ыбырайымқызы Жамбылская область әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен "Жер судың аты-тарихтың хаты” тақырыбындағы облыстық конференцияға қатысып "Қазақстандағы тілдік ахуал” атты тақырыптағы баяндамасы жоғары бағаланып, арнайы кітапқа енгізіліп, заттай сыйлыққа ие болды.
Аудандық тамыз кеңесіне 9 сынып жетекшісі Ә.Баймұратова "Тәуелсіздік-мың тағзым” атты тақырыпта тәрбие сағатын апарып, аудандық білім бөлімінің грамотасымен марапатталды.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Н.Алтаева "Бала Жамбылдан дана Жамбылға дейін” атты тақырыпта ашық сабақ өткізіп, сабағы жоғары бағаланып, аудандық білім бөлімінің грамотасымен марапатталды.
Мектеп психологы Ә.Баймұратова "Отбасының, әлеуметтік ортаның бала дамуына психологиялық әсері” атты тақырыпта баяндама оқып, баяндамасы жоғары деген бағаға ие болып, аудандық білім бөлімінің грамотасымен марапатталды.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Маниева Қасиет Сұлтанқызы "Дарынды балаларға талантты ұстаз” атты аудандық жас мамандар байқауына қатысып, алғыс хатқа ие болды.
Аудандық "Жас талап-2016” ғылыми жобасына қатысқан оқушылары: Несіпбек Ш – І орын, Жұман А – "Жас зерттеуші” номинациясын иеленді. Ағылшын тілі пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасына 7 сынып оқушысы Сейтжан Н қатысып, жүлделі орынға ие болды.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Маниева Қасиет Сұлтанқызы Аудандық "Лучший педагог” байқауына қатысып, бас жүлдені иеленіп, облыстық кезеңіне қатысып қайтты. АКТ қолдану арқылы жүргізілген ең үздік сабақ атты халықаралық дәрежеде өткізілетін республикалық шығармашылық конкурсқа қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Білім берудегі жетістіктері мен жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі жетістіктері үшін аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2015-2016 оқу жылында "Мектепке жол” қайырымдылық акциясы бойынша 16 оқушыға 25000 теңге көлемінде киім-кешекпен оқу құралдары табыс етілді.
Әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларынан аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасына 4 сынып оқушысы Амансары Қуаныш, 4 сынып Жанғали Қаракөз, 2 сынып оқушысы Несіпбек Қайырхан қатысып, аудан әкімінің бағалы сыйлығын алып, дастарханнан дәм татты. 3 сынып оқушысы Серік Жұлдыз Облыс әкімінің шыршасына қатысып, көңілі көтеріліп, бағалы сыйлық алып қайтты.
Мәңгілік ел – тәрбие орталығының орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "Патриоттық әндер байқауына” 4 сынып оқушысы Амансары Қуаныш қатысып, лауреат атанды.
10 сынып оқушысы Қорғанбай Ералы "Туған жер-туған өлкем” атты фотосурет байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.
7 сынып оқушысы Ермекбай Алихан, пән мұғалімі Б.Баянбаеваның жетекшілігімен "Еліне елеулі Елбасы” атты тақырыпта кітапша ұйымдастырып, алғыс хатпен марапатталды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері аудандық "Тілім менің тірлігімнің айғағы” атты байқауға қайысып, жүлделі І орынды иеленіп, аудандық Мойынқұм таңы газетіне жарияланды.